Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

Биыл өңірде 318 түлек «Алтын белгіге», 668 түлек үздік аттестатқа, ал 9-сыныптан 834 оқушы үздік аттестатқа үміткер болып отыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ақбөпе Искалиева мәлімдеді.
Спикердің айтуынша, биыл облыстағы білім беру жүйесінде 737 ұйым жұмыс істеп, 267 464 бала қамтылған. Жалпы орта білім беретін 216 мектепте 193 мыңнан астам оқушы білім алды. Оның ішінде 16 179 оқушы 9-сыныпты, ал 10 065 түлек 11-сыныпты аяқтап отыр.
-11-сыныптар үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау 2-15 маусым аралығында, ал 9-сынып оқушылары үшін 29 мамыр мен 11 маусым аралығында өтуде. Мектеп бітіруші түлектерге аттестаттар 9-сынып оқушыларына 16 маусымда, 11-сынып түлектеріне 18 маусым күні табысталады. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 10 065 мектеп бітірушінің 9 500-ден астамы өтініш берген. Бүгінгі күнге дейін алғашқы мүмкіндігін пайдаланған талапкерлер саны 3 891-ге жетті, — деді Ақбөпе Искалиева.
Сондай-ақ, оқу жылы барысында өңірдің оқушылары мен мұғалімдері республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен білім сайыстарына белсенді қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Мектепке дейінгі білім беру бағытында да оң динамика байқалады. Қазіргі уақытта өңірдегі 460 мектепке дейінгі ұйымда 50 660 бала тәрбиеленуде. Облыста 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші 100% құраса, 2-6 жас аралығындағы балаларды қамту деңгейі 94,5%-ға жеткен. Бұл көрсеткішті жыл соңына дейін 97,5%-ға жеткізу жоспарланған.
Осы мақсатта жыл басынан бері 1408 орындық 16 жаңа балабақша іске қосылып, алты балабақшада 161 орынға кеңейту жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде өңірде барлығы 1569 жаңа орын ашылды. Жыл соңына дейін тағы 1,3 мың жаңа орын ашу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, балабақшаға кезекке қою және жолдама беру қызметтері толық автоматтандырылып, Indigo-24.kz ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылуда.
Білім беру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары да қарқынды жалғасуда. 2025 жылы өңірде жалпы сыйымдылығы 12 600 орындық 13 «Келешек» мектебі пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, инвесторлар есебінен Түпқараған ауданында 1 200 орындық мектеп салынып, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 588 орындық екі қосымша құрылыс нысаны іске қосылды. Қазіргі таңда өңірде үш ауысымды 3 мектеп жұмыс істейді.
-Аталған нысандардың пайдалануға берілуі нәтижесінде жеті мектептегі үш ауысымды оқыту мәселесі шешіліп, мұндай мектептердің саны 10-нан 3-ке дейін қысқарды. Сонымен қатар, 2030 жылға қарай облыстағы оқушылар контингенті 217 990 балаға дейін өседі деп болжанып отыр, — деді спикер.
Мектептерді жаңғырту жұмыстары да кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. 2026 жылы облыс бойынша бес мектепті реновациялау жоспарланған. Оның төртеуі Ақтау қаласында, біреуі Жаңаөзен қаласында орналасқан.
Жазғы демалыс кезеңінде де оқушыларды қамтуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыстағы 1-10 сыныптарда білім алатын 183 138 оқушының 160 234-і немесе 87 пайызы сауықтыру шараларымен қамтылады.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру үшін мектеп жанынан 94 лагерь, теңіз жағалауында алты лагерь және 145 кәсіптік лагерь жұмыс істейді.
-Еңбекпен қамту, танымдық-шығармашылық, спорттық, туристік және интеллектуалдық бағыттағы шараларға 177 мыңға жуық оқушы қатысады. Сонымен қатар, «Өз еліңді таны» жобасы аясында 200 оқушы Астана, Қарағанды, Көкшетау, Алматы және Қостанай қалаларына саяхаттаса, 300 оқушы облыстағы тарихи орындарға экскурсия жасайды, — деді Ақбөпе Искалиева.
Білім сапасын бағалау бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жүргізілуде. 2026 жылғы оқушылардың білім жетістіктерін бағалау рәсімі 30 сәуір мен 20 мамыр аралығында өтіп, оған 56 мектептен 4-сыныптың 1 995 және 9-сыныптың 1 690 оқушысы қатысты. Нәтижелері қыркүйек айында жарияланады.
Спикердің мәліметінше, Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру мақсатында «Mediana Services Limited» ЖШС пилоттық мектептерде тоқсан сайын тестілеу жүргізген.
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 41 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 31 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 211 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 42 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 27 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 26 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні