2026 жылдың 16 маусым күні мектебімізде
салтанатты түрде өтті. Бұл – оқушылардың білім жолындағы алғашқы маңызды белестерінің бірі. Биыл мектепті 33 оқушы аяқтап, негізгі орта білім туралы аттестатқа ие болды.
Салтанатты шарада ұстаздар мен ата-аналар түлектерге жүрекжарды тілектерін білдіріп, алдағы білім жолына сәттілік тіледі. Оқушылар ұстаздарына алғыс айтып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басты.
Құрметті түлектерге алдағы өмір жолында биік белестер, толағай табыс және жарқын болашақ тілейміз! Оқушыларымызға Сәттілік! 




