4«Ә» сыныбында 8 мамыр күні
атты Жеңіс күніне арналған танымдық сағат өтті.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, соғыс ардагерлерінің ерлігі мен еңбегін үлгі ету. Жас ұрпақты Отанды сүюге, елін құрметтеуге, бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу. Оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытып, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға баулу. Танымдық сағат барысында оқушылар жеңіс күніне арналған өлең, тақпақтарын арнады. Өз ойларын еркін жеткізіп, соғыс батырларымен танысты.Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа қатысты сұраққа жауап беріп, шығармашылық тапсырмалар орындады.
Бұл күн — біз үшін жәй мереке ғана емес, ата-бабаларымыздың қанымен келген ұлы жеңіс!
Бүгінгі ұрпақ бейбіт күннің құнын ешқашан ұмытпайды!





