
«№1ЖББМ»КММ-де «Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың мақсаты: Ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларының қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін түсіндіру, түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алу.
Күн тәртібінде:
1. Жазғы демалыс кезіндегі жол қауіпсіздігі туралы түсіндіру
2. Табиғат аясындағы және су жағасындағы қауіпсіздік ережелері
3. Интернеттегі қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі туралы түсіндіру
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ата-аналарға түсіндірілді.





