«Менің арманым – менің мүмкіндігім» атты челленджге мектебіміздің 11 сынып оқушылары белсене қатысты. Олар өздерінің болашақтағы арманы мен мақсатын таныстырып, арманға жету үшін білім алып, еңбектенудің маңыздылығын көрсетті. Өздерінің болашақ мамандықтарын видео арқылы жеткізіп, шығармашылық қабілеті мен белсенділігін таныта білді. Осындай іс-шаралар оқушылардың өзіне деген сенімін арттырып, болашаққа нық қадам жасауына ықпал етеді.Оқушыларымызға арманына жетіп, биік белестерді бағындыруына тілектеспіз!





