АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аудару қажет. Елімізде жыл сайын 180 мыңнан астам бала жарақат алады. Өткен жылы суға түсу маусымында 39 бала суға кетіп, жол-көлік оқиғаларынан 285 кәмелетке толмаған жас қаза тапты.
Сондай-ақ балалардың терезеден құлауы мен жасөспірімдердің түнгі уақытта қараусыз жүру фактілері де кездеседі.
Қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау — балалардың өмірі мен денсаулығын қорғаудың басты кепілі.





