14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

2026 жылғы 14 маусым күні «№1 ЖББМ» КММ жанындағы «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымы өз жұмысын бастады. Екінші ауысымға келген оқушыларды лагерь ұжымы жылы қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Күннің алғашқы бөлімінде балалар лагерьдің күн тәртібімен, өткізілетін іс-шаралар жоспарымен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды. Одан кейін таңғы жаттығу өткізіліп, балалар сергіп, көтеріңкі көңіл күймен таңғы ас ішті.
🇰🇿 «Рәміздерім – мақтанышым» атты іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдері нығайтылды.
Үйірме жұмыстарында әр топ өз атауын таңдап, ұранын бекітіп, ерекше төсбелгілерінің эскиздерін әзірледі. Спорттық эстафеталар барысында балалар белсенділік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Түскі астан кейін лагерьдің ашылу салтанатына дайындық жүргізіліп, қатысушылар концерттік бағдарламаларын пысықтады. Тынығу сәтінен соң ұйымдастырылған «Армандар орындалады» атты әсерлі шарада балалар өздерінің жүрекжарды тілектері мен армандарын түрлі-түсті шарларға жазып, оларды көкке ұшырып, жарқын болашаққа деген сенімдерін білдірді.
Күн соңында балалар алғашқы күннен алған әсерлерімен бөлісіп, ерекше көңіл күймен үйлеріне қайтты.
✨ Осылайша, «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының алғашқы күні қызықты, мазмұнды әрі есте қаларлықтай өтті.
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 41 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 211 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 44 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 28 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні