
Дүниежүзілік мейірім күніне орай мектебімізде «Жылы жүрек» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында жанашырлық, ізгілік және айналаға қамқорлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Акция аясында оқушылар үйлерінен әкелген тағамдарын сатып, жиналған қаражатты мектептің әлеуметтік педагогы А. Наурызоваға табыстады. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің шешімімен қаражат екі отбасыға көмек ретінде берілді.
Оқушыларымыздың мейірімділігі мен белсенділігі – үлкен мақтаныш! Осындай игі істер жалғасын таба берсін!
Сынып жетекшісі: Терекқызы Назгүл





