![]()
23 — ақпан күні “Балалар кітапханасы” жобасы аясында ұйымдастырылған “Мен оқыған бір кітап” апталығы барысында 5-сынып оқушылары арасында Бердібек Соқпақбаевтің “Менің атым Қожа” шығармасы бойынша “Кейіпкерлер әлеміне саяхат” тақырыбында танымдық әрі тартымды сайыс өткізілді.
Сайыс барысында оқушылар шығарма мазмұнын талдап, Қожаның мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне баға беріп, өз ойларын ортаға салды. Қойылған сұрақтарға нақты әрі жылдам жауап беріп, білімдерін көрсетті. Сонымен қатар шығармадан үзінділер қойып, кейіпкерлер бейнесін шынайы сомдап, актерлік шеберліктерін танытты. Зеректік бөлімінде бірнеше тапсырмалар орындап, кейіпкерлердің аттарын жазу, сәйкестендіру және жылдам ойлау тапсырмалары арқылы тапқырлықтарын дәлелдеді.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Осындай мазмұнды іс-шаралар балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай түседі.






