![]()
1 наурыз — Алғыс айту күніне орай мектебімізде ерекше лебізге толы шара өтті. Мектебіміздің
10 “А” сыныбының белсенді оқушылары ұстаздар арасында «Ашық микрофон» акциясын ұйымдастырды.
Үзіліс уақытында мектеп дәлізі нағыз мейірім мекеніне айналды. Оқушылар еш іріктеусіз, өз еріктерімен микрофон арқылы:
Аяулы ұстаздарына білім нәрін сепкені үшін;
Асыл аналары мен әкелеріне қамқорлығы үшін;
Адал достарына қиын сәтте қасынан табылғаны үшін жүрекжарды тілектерін білдірді.
10 “А” сынып оқушылары бұл бастама арқылы мектеп ұжымының бірлігін бекемдеп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Әрбір айтылған «Рақмет!» сөзі мектеп қабырғасында жылулық ұялатты.
Бір-бірімізге алғыс айтуды ұмытпайық, өйткені мейірімділік — әлемді құтқарады! 





