«№1 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жоғарғы сыныптардың білім алушылары «Закладка» деректі фильмімен танысты. Бұл өзекті және шынайы фильм қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – тәуелділік, оның адам өмірі мен қоршаған ортаға әсерін қарастырады.
Білім алушылар тәуелділіктің қаншалықты күрделі мәселе екенін көрсететін шынайы оқиғаларды көріп, оны ашық талқылаудың маңыздылығын ұғынды. Көрсетілімнен кейін ТЖО А.Рахматтуллин мен мектеп психологі пікірталас ұйымдастырып, қатысушылар өз ойларымен және әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, фильмнің негізгі сәттері талданып, білім алушылар оның мазмұнын тереңірек түсініп, мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік алды.
Іс-шара соңында білім алушылар тәуелділікпен күресудің ықтимал жолдарын талқылап, жақындарын қолдаудың маңыздылығын, сондай-ақ білім беру мекемелерінің алдын алу шараларындағы рөлін атап өтті. Қатысушылар фильм туралы өз пікірлерін білдіріп, қоғамдағы өздерінің әлеуметтік жауапкершілігі жайлы ой өрбітті. А.Рахматуллин білім алушыларға маңызды әлеуметтік тақырыпты түсінуге ғана емес, сонымен қатар олардың сыни ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етті. Іс-шара сенімді және ашық ортада өтіп, қатысушыларға көргендерін ой елегінен өткізуге, өз сезімдері мен көзқарастарын білдіруге және қоғамдағы өзекті мәселелердің шешімін іздеуге мүмкіндік берді.





