16 наурыз күні мектебімізде “Наурыз – жыл басы” тақырыбында 1–11 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өтті 
Сынып сағаттары барысында оқушыларға Наурыз мерекесінің мәні мен маңызы түсіндіріліп, ұлттық салт-дәстүрлеріміз насихатталды. Әр сыныпта қызықты әңгімелер айтылып, оқушылар белсенділік танытты 
Мұндай тәрбиелік шаралар оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыра түседі.
Ұлыс оң болсын! 







