Бүгін мектебіміздің айналасында ерекше
өтті ![]()
Іс-шараға 6-сыныптың 15 оқушысы және эстетика пәні бірлестігінің 11 мұғалімі өз еріктерімен қатысып, мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Барлығы да үлкен жауапкершілікпен, шынайы ықыласпен еңбек етті.
Сенбілік барысында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен жұмыс жасап қана қоймай, үзіліс кезінде шәй ішіп, тәттілер мен бауырсақтан дәм татты 
. Одан кейін тазалық жұмыстары жалғасып, қызықты спорттық ойындар ойналып, белсенді қатысушылар марапатталды 
Осындай игі істер – тазалыққа, тәртіпке және бірлікке тәрбиелейтін тамаша үлгі. Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!






