онкүндігі аясында 14 сәуір күні 11 «А» сыныбында «Геокруиз» тақырыбында танымдық ойын-саяхат түріндегі сыныптан тыс сабақ өткізілді.
Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың географиялық білімдерін кеңейтіп, әлем елдері туралы қызықты мәліметтер арқылы дүниетанымын арттыру, сондай-ақ карта, координата, бағыт, климаттық мәліметтер мен табиғи нысандарды қолдану арқылы функционалдық сауаттылығын дамыту болды. Сонымен қатар оқушылардың топпен жұмыс істеу, зерттеу жүргізу және өз ойын дәлелдеп жеткізу дағдыларын қалыптастыру көзделді.
Сабақ барысында оқушылар арнайы жасалған «Геокруиз» маршрут картасы бойынша кезең-кезеңмен тапсырмалар орындады. Алдымен «Әлемдегі қызықтар» бөлімінде түрлі елдерге байланысты танымдық мәліметтермен танысса, «Функционалдық тапсырмалар» кезеңінде алған білімдерін тәжірибеде қолданды. «Логикалық тапсырмалар» бөлімінде ойлау қабілеттерін шыңдап, «Әуе шайқасы» кезеңінде белсенділік пен жылдамдықтарын көрсетті. Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті.
«Бүгін біз әлемді аралап, географияның қызықты әлеміне көз жүгірттік. Әлем — біздің ортақ үйіміз, оны тану арқылы өз орнымызды анықтаймыз» деген қорытынды ой сабақтың мәнін айқындай түсті.
Сабақ соңында оқушыларға «Геосаяхатшы» сертификаттары табысталды. Бұл сыныптан тыс шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, географиялық білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдануға мүмкіндік берді. Сонымен бірге танымдық және функционалдық тапсырмалар олардың зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң ықпал етті.





