Жаратылыстану пәндері онкүндігі аясында 15 сәуір күні жаратылыстану пәні мұғалімдері Чабаева Әсем мен Бекдаулетова Жанаргүлдің ұйымдастыруымен “Әлемді таны” атты көңілді үзіліс өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар әр елдің туы арқылы мемлекеттерді танып, картадан олардың орналасқан орнын анықтады. Танымдық ойын оқушылардың қызығушылығын оятып, белсенді қатысуына мүмкіндік берді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың дүниетанымын кеңейту, әлем елдері туралы білімдерін тереңдету, мемлекеттердің туы мен картадағы орналасуын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Осындай мазмұнды шаралар оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтуге ықпал етеді.





