“ Жыл үздігі” жобасы аясында 2-4 сыныптар арасында “ КУИЗ” ойыны ұйымдастырылды. Ойынға 2-4 сыныптардан 6 топ, 24 оқушы қатысты. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. 4 кезеңнің қорытындысында І орынды 2 “А” сыныбының “ Жеңіс” тобы иеленді. ІІ орынды 4 “А “ сыныбының “ Болашақ” тобы мен 4 “ Ә” сыныбының “ Супер ми” топтары өзара бөліссе, ІІІ орынды 3”А” сыныбының “ Smart kids” тобы мен 3 “Ә” сыныбының “ Жалын” топтары қанжығаларына байлады. “ Үздік топ басшысы” номинациясына 4” А” сыныбының “ Болашақ” тобының топ басшысы Мурзабай Айдын ие болды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!! Қиялы ұшқыр, білімді де білікті шәкірттеріміз көп болсын!! Оқушыларды дайындап, бәйгеге баптаған жетекшілеріне де Алғыс білдіреміз!!!





