«Қамқор» жобасы аясында өткен «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы

Мектебімізде табиғатты аялауға бағытталған игі іс-шара жоғары деңгейде өтті. Акция барысында мектеп басшысы Г. Туралиева жүрекжарды сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығына тоқталды.
🌱 «Бір тал – бір отбасы» бастамасы аясында ата-аналар белсенділік танытып, мектеп ауласына:
🌳 37 қара тал
🍏 11 жеміс ағашы
🌹 6 раушан гүлі отырғызылды.
Бұл – келер ұрпаққа жасалған үлкен қамқорлық пен табиғатқа деген шынайы жанашырлықтың белгісі.
🤝 Мектеп психологі Ұ. Шагеда мен әлеуметтік педагог А. Наурызова ұйымдастырған «Біз біргеміз» тренингі қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтастықты нығайтты.
Таза ауада, көрікті аулада ұйымдастырылған “Plov Party “ шараның сәнін келтіріп, ата-аналар мен ұстаздар арасында жылы қарым-қатынас орнатты.
Іс-шараға барлығы 67 ата-ана мен 27 мұғалім қатысып, бірлесе еңбек етудің жарқын үлгісін көрсетті.
Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 41 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 211 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 43 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 27 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні