Бүгін мектебіміз үшін қуанышты күн! «Жас жол инспекторы» слетінің аудандық кезеңінде шәкірттеріміз ерекше дайындық пен білімділік танытып, жүлделі ІІ орынды иеленді! 

Бұл жеңіс — оқушылардың жол жүру ережелерін жетік меңгеріп, оны іс жүзінде көрсете алуының жемісі. Мектебіміздің абыройын асқақтатқан шәкірттерімізді және оларды жарысқа дайындаған жетекшісі Рахматуллин Аянбек Мұхаммедқалиұлына айтар алғысымыз шексіз!
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, тек жеңістерге жете берулеріңізді тілейміз!






