Дүние жүзілік қауіпсіз интернет күніне орай 03.02.2026 ж күні
тақырыбында 5–6 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жеке деректерді қорғаудың маңызын ұғындыру, әлеуметтік желілерді дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалануға үйрету, киберқауіптердің алдын алу.
Оқушылармен «Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді;
– Интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке деректерді қорғау жолдары талқыланды;
– Әлеуметтік желілерде өзін дұрыс ұстау, кибербуллингтің алдын алу бойынша ақпарат берілді;
– Бейнероликтер көрсетіліп, пікір алмасу ұйымдастырылды;
– Сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдері бекітілді.





