«Сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту» тақырыбындағы мектепішілік
семинар жоғарғы деңгейде өтті. Бастауыш сынып бірлестік жетекшісі Төлесін Шынар Өзбекқызы, 26.01 –06.02 аралығында «Болашаққа оң қадам» атты өткен он күндігін қорытындылады. Сөз кезегін мектеп директоры Туралиева Гүлмира Сәбитқызы
спикерлеріне сәттілік тілеп, бастауыш сынып апталығы жоғарғы деңгейде өткенін дәлелдеді. Жоспарға сай семинарды Маширова Фариза Есенқұлқызы «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы мен жаратылыстану сауаттылығын арттыру» өз әдіс –тәсілдерімен бөлісті. Кезекті Маширова Зоя Қуандыққызы «Бастауыш сынып оқушыларының сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытудағы әдіс-тәсілдер» көрсетіп, мұғалімдер арасында бөлісті. Косымбаева Орынша Лабақбайқызы мен
Төлесін Шынар Өзбекқызы «Әдіс –тәсілдерді қолдану тәсілдері» сыныбында үнемі қолданатын әдістерін, әріптестер арасында қолданды. Әріптестеріне қатты ұнады, болашақта осы әдіс –тәсілдерді қолданады деген ойдамыз.





