Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 1–4 сынып ата-аналарына 13.02.2026 ж күні
тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті бастауыш сыныптың сынып жетекшілері Қосымбаева Орынша Лабақбайқызы мен Төлесін Шынар Өзбекқызы жүргізді.
Дәрістің мақсаты – отбасы мүшелері арасындағы сенімді қарым-қатынастың маңызын түсіндіру, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластық пен түсіністікті нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін арттыру және отбасылық құндылықтарды дәріптеу.
Іс-шара барысында ата-аналар арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында жылы қарым-қатынас орнату тренингі ұйымдастырылды. Қатысушылар қобдишадан алынған жылы лебіздер жазылған қағаздарды бір-біріне оқып, ізгі тілектерін білдірді. Бұл жаттығу ата-аналардың бір-біріне деген сенімін арттырып, ашық пікір алмасуына мүмкіндік берді. Сонымен қатар, отбасы құндылықтары жайлы ой бөлісіп, өз тәжірибелерімен алмасты.
Дәріс барысында «Ой қозғау», топтық талқылау, жағдаяттық сұрақтар арқылы талдау, пікір алмасу әдістері қолданылды. Ата-аналар балаға сенім білдіру, оны тыңдай білу, қолдау көрсету, мейірімді қарым-қатынас орнату – отбасылық келісімнің басты кепілі екеніне көз жеткізді.
Кездесу соңында ата-аналар өз әсерлерімен бөлісіп, мұндай тағылымы мол іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Отбасындағы сенім мен сыйластық – баланың жарқын болашағының негізі екені тағы бір мәрте дәлелденді.





