«Менің пірім — Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай…»
Биылғы жылы ұлы жырау, қазақ поэзиясының алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай мектебімізде 5-7 сынып оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. 
Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тайыр Балсұлу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты:
Халқымыздың біртуар перзенті Жамбыл Жабаевтың бай мұрасын насихаттау;
Оқушылардың көркемсөз оқу шеберлігін шыңдап, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру;
Жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеп, ана тілінің қадір-қасиетін ұғындыру.
Жамбыл жырын жатқа айтып, мәнерлеп оқуда оқ бойы озық шыққан жеңімпаздарымыз анықталды:
Биберген Нұрмұхамед (7 «Ә» сыныбы)
Ақберген Айзере (7 «А» сыныбы)
Саздыбай Әлқуат (5 «Ә» сыныбы)
Қармыс Азима (6 “А” сыныбы)
Жаңабай Арайлым (5 «А» сыныбы)
Болат Ернұр (5 «А» сыныбы)
Жолымберді Рүстем (5 «А» сыныбы)
Қалбек Айгүл (5 «А» сыныбы)
Аманғали Мереке (7 «А» сыныбы)
Болтабай Айзере (6 «А» сыныбы)
Амантай Малика (6 «А» сыныбы)
Ақарыс Жансая (6 «А» сыныбы)
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жүз сексен жылдығы тойланып жатқан Жамбыл атамыздың отты жырлары ұрпақ жадында мәңгі жаңғыра бермек! 







