17 наурыз – Шаңырақ күні қарсаңында мектебімізде ерекше әрі әсерлі іс-шара өтті. Бұл күні әжелер мен аналардың қатысуымен
шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру болды.
Шара барысында асыл әжелеріміз бен ардақты аналарымыз қазақ халқының көркем ертегілерін мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті. Балалар ертегілер әлеміне еніп, рухани азық алды. Әрбір қатысушының өнері көрермендердің жүрегінен орын тауып, ерекше ықыласқа бөленді.
Бұл шара барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы құндылығы мен ұлттық тәрбиенің маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.





