не орай мектебімізде ерекше мерекелік шеру ұйымдастырылды. Бұл күні барлық оқушылар, мұғалімдер және кіші қызметкерлер ұлттық нақыштағы киімдер киіп, ата-бабамыздың бай мәдени мұрасын паш етті.
Шеру барысында әрбір қатысушының киімінен қазақ халқының салт-дәстүрі мен әсем талғамы көрініс тапты. Әшекейлі камзолдар, ою-өрнекпен көмкерілген шапандар мен көйлектер мерекеге ерекше сән берді.
Бұл іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас ұрпақтың өз мәдениетіне деген құрметін арттыра түсті. Ұлттық киімдер күні барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, бірлік пен ынтымақтың жарқын көрінісіне айналды.





