Мектебімізде 6-сынып оқушылары арасында
тақырыбында дебат ойыны өткізілді. Аталған шараның басты мақсаты – оқушылардың ойын мәдениетін қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және өз ойын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту болды.
Дебат барысында қатысушылар екі топқа бөлініп, ойынның пайдалы және зиянды тұстарын талқылады. Оқушылар өз ойларын нақты дәлелдермен жеткізіп, қарсы топтың пікіріне жауап беруге тырысты. Әсіресе, қазіргі таңда балалар арасында кең таралған компьютерлік ойындардың әсері кеңінен сөз болды.
Шара өте қызықты әрі тартысты өтті. Қатысушылар белсенділік танытып, логикалық ойлау қабілеттерін көрсете білді. Дебат соңында әділқазылар алқасы үздік команданы анықтап, жеңімпаздарды марапаттады.





