Маңғыстауда мектепке құжат тапсыру тәртібі түсіндірілді

Маңғыстауда мектепке құжат тапсыру тәртібі түсіндірілді
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бірінші сыныпқа қабылдау процесін жетілдіруге бағытталған пилоттық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Осыған сәйкес 2026–2027 оқу жылына республика бойынша 1-сыныпқа қабылдау 2026 жылғы 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүргізіледі. Соның ішінде, Маңғыстау облысында құжат қабылдау 2026 жылғы 29 маусым мен 31 тамыз аралығында жүзеге асырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Клара Құлатаева айтты.
Спикердің айтуынша, Маңғыстау облысында мектепалды даярлық бағдарламасын меңгерген және сол білім беру ұйымында оқуын жалғастыруға ниет білдірген балалар бірінші сыныпқа автоматты түрде қабылданады.
-Баланы басқа мектепке бергісі келетін ата-аналар құжаттарды жалпы негізде тапсырады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес, балалар 1-сыныпқа ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Мемлекеттік қызмет көрсету форматы — электронды және қағаз түрінде. Қазақстан азаматтары үшін ата-ананың немесе заңды өкілдің өтініші, 052-2/у нысанындағы денсаулық паспорты, 065/у нысанындағы медициналық анықтама, 3×4 көлеміндегі 2 фотосурет және қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы қажет. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар қосымша өз мәртебесін растайтын құжат ұсынады (ықтиярхат, босқын куәлігі және т.б.), — деді Клара Құлатаева.
Сондай-ақ, спикер брифинг барысында құжат тапсыру мүмкіндіктеріне тоқталды.
-Өтінішті үй жағдайында онлайн және мектептердегі өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы тапсыруға болады. Құжаттар толық ұсынылмауы немесе мерзімінің өтуі жағдайында, мәліметтердің шынайы болмауы, талаптарға сәйкес келмеуі, сыныптағы орын санының толып кетуі жағдайында қабылданбайды. Толық ақпаратты білім беру ұйымдарының ресми сайттарынан және www.egov.kz порталынан алуға болады, — деді спикер.
Айта кетейік, құжаттар дүйсенбі–жұма аралығында сағат 09:00–18:30 дейін қабылданады.
***
В Мангистау разъяснили порядок подачи документов в школы
Министерство просвещения Республики Казахстан совместно с Министерством цифрового развития и искусственного интеллекта РК планирует реализацию пилотного проекта, направленного на совершенствование процесса приема в первый класс. В соответствии с этим, прием детей в первый класс на 2026–2027 учебный год по республике будет осуществляться с 27 мая по 31 августа 2026 года. В том числе в Мангистауской области прием документов пройдет с 29 июня по 31 августа 2026 года. Об этом на брифинге в Центре общественных коммуникаций сообщила руководитель отдела управления образования Мангистауской области Клара Кулатaева.
По словам спикера, в Мангистауской области дети, освоившие программу предшкольной подготовки и желающие продолжить обучение в той же образовательной организации, будут зачислены в первый класс автоматически.
-Родители, которые хотят перевести ребёнка в другую школу, подают документы на общих основаниях. В соответствии с Законом Республики Казахстан «Об образовании», дети принимаются в 1 класс на основании заявления родителей или законных представителей. Формат оказания государственной услуги — электронный и бумажный. Для граждан Казахстана необходимы: заявление родителя или законного представителя, медицинский паспорт по форме 052-2/у, медицинская справка по форме 065/у, 2 фотографии размером 3×4, а при необходимости — заключение ПМПК. Иностранные граждане и лица без гражданства дополнительно предоставляют документ, подтверждающий их статус (вид на жительство, удостоверение беженца и др.), — сказала Клара Кулатaева.
Также в ходе брифинга спикер остановилась на способах подачи документов.
-Заявление можно подать онлайн из дома или через уголки самообслуживания в школах. В случае неполного пакета документов, истечения срока их действия, недостоверности данных, несоответствия требованиям или при заполненности классов, в приёме может быть отказано. Полную информацию можно получить на официальных сайтах образовательных организаций и на портале [www.egov.kz](http://www.egov.kz), — отметила спикер.
Стоит отметить, что приём документов осуществляется с понедельника по пятницу с 09:00 до 18:30.
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 42 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 212 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 44 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 28 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні