«Болашаққа оң қадам»

атты бастауыш сынып онкүндігінің ашылу салтанаты өтті

26.01.2026ж күні мектебімізде бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында жоспарланған «Болашаққа оң қадам» атты онкүндіктің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шара барысында бастауыш бірлестік жетекшісі Төлесін Шынар Өзбекқызы онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралардың мазмұны мен жоспарымен кеңінен таныстырды. Бірлестік жетекшісі өз сөзінде алдағы күндері өтетін ашық сабақтар, зияткерлік сайыстар мен шығармашылық байқаулардың маңыздылығына тоқталып, әріптестері мен оқушыларға онкүндікті жоғары деңгейде өткізуге сәттілік тіледі.
Салтанатты шара аясында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін ұштау мақсатында қызықты сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылды. Танымдық ойынға оқушылар белсене қатысып, логикалық тапсырмаларды шешуде зеректік танытты.
Бұл онкүндік бастауыш сынып оқушыларының білімге деген құштарлығын арттырып, мектептегі оқу-тәрбие үдерісін жандандыра түспек. Шара бекітілген жоспар бойынша өз жалғасын табады.
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 42 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 212 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 44 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 28 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні