![]()
акциясы аясында ![]()
Бүгін мектебіміздің жаратылыстану пәндері бірлестігі игі бастама көтеріп, сенбілік ұйымдастырды. Табиғатты аялау – әр азаматтың борышы екенін сезіне отырып, ұстаздар мен оқушылар бірлесе мектеп аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Шараға 12 мұғалім мен 25 оқушы белсенді қатысып, айналаны қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосты. 
Сенбіліктен кейін оқушылар үшін шағын пикник ұйымдастырылып, көтеріңкі көңіл-күйде демалыс сәттері өтті. Бұл – еңбектің нәтижесін сезініп, бірлік пен достықты нығайтудың тамаша мүмкіндігі болды.
Осындай игі істер жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жанашырлық сезімін арттыра түседі.
Таза орта – жарқын болашақтың кепілі! 





