![]()
Мектебімізде 15 сәуір күні «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспары аясында 5-9 сынып ата-аналарына арналған мазмұнды дәріс өтті.
Дәріс жүргізушілері: М. Нургалиева және Г. Үмбетқали
Мақсаты: Жасөспірім шақтағы балалардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ата-ананың рөлін түсіндіру, интернеттегі қауіпсіздік пен көшедегі тәртіп ережелерін ескерту.
Дәріс барысында ата-аналар жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, зиянды әдеттерден сақтану және баламен сенімді қарым-қатынас орнату жолдарын талқылады. Қатысушылар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, өзара пікір алмасты.
Бала – біздің болашағымыз, ал оның қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз! 





