НА ҚАТЫСТЫ
Елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында мектебімізде ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.
Бастауыш сынып пәндер бірлестігінің мұғалімдері мен 5 «А» сынып оқушылары сынып жетекшілерімен бірлесіп, мектеп айналасына толық тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара барысында мектеп ауласы қоқыстан тазартылып, ретке келтірілді.
Сонымен қатар, 5 «Ә» сынып оқушылары мен сынып жетекшілері аудандық әкімшілік ғимаратының алдында орналасқан орталық саябаққа 10 түп жас тал екті. Бұл қадам елді мекенді көгалдандыру мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Аталған сенбілікке барлығы 10 мұғалім мен 30 оқушы белсене қатысты. Осындай игі істер арқылы мектеп ұжымы қоршаған ортаны аялауға өз үлестерін қосуда.





