География пәнінен ашық сабақ өтті
Жаратылыстану пәндерінің онкүндігі іс-шара жоспарына сәйкес, №1 жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі Чабаева Әсем Есетқызы 8 «А» сыныбында
атты ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында заманауи технологиялар тиімді қолданылып, оқушылар арнайы бейнеролик арқылы шаруашылық түрлерімен танысты. Білім алушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріліп, тақырып жан-жақты талданды.
Тәжірибе алмасу мақсатында өткен бұл ашық сабаққа мектеп ұстаздары мен әріптестер, атап айтқанда Мамаева Жантөре Жәкішқызы мен Дүйсенбаева Жанбибі Сембайқызы қатысып, сабақтың әдістемелік құндылығына жоғары баға берді.
Оқушылар жаңа ақпараттарды меңгеріп, сабақ соңында кері байланыс орнатылды.







