ы өтті
Мектебімізде жаратылыстану пәндерінің онкүндігі аясында қызықты да тартысты іс-шаралар жалғасын табуда. Жоспарға сәйкес, 23 сәуір күні химия пәні мұғалімі Туралиева Гүлмира Сәкенқызының ұйымдастыруымен 8-сынып оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайыс сабағы өтті.
Сайыс алты кезеңнен тұрып, оқушылардың білімі мен шапшаңдығын сынады:
Оқушылар әр кезеңде әртүрлі деңгейдегі қиындығы жоғары тапсырмаларды орындады.
Химиялық тәжірибелер жасау арқылы теориялық білімдерін практика жүзінде дәлелдей білді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп әкімшілігі тарапынан арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!
Білімді жастар – еліміздің болашағы!





