«Жыл үздігі» жобасының қорытынды айналымында
ұйымдастырылды. «КУИЗ» ойынына 5-8 сыныптардан барлығы 10 топ, 40 оқушы білім додасында бақтарын сынады. Ойын негізгі 4 кезеңнен тұрды. Ойынның ережесі бойынша 3 кезеңнің қорытындысымен үздік топтар анықталса, ІҮ кезең бойынша үздік топ басшысы анықталатын болды. Ойын қызықты да тартымды өтті. Ойын нәтижесі бойынша мынадай орындар берілді.
«Бас жүлдені» 8 «Ә» сыныбынан құралған «Quiz Masters» тобы алса, І орынды 8 «А» сыныбынан құралған «Қыран» тобы иеленді, ІІ орынды 7 «Ә» сыныбының «IQSTAR» тобы, 6 «А» сыныбының «Жас сақшы» тобы мен 7 «Б» сыныбының «Барыс» топтары иеленді. ІІІ орынды 7 «А» сыныбының «Тұлпар» тобы, 6 «Ә» сыныбының «Болашақ» тобы мен 5 «А» сыныбының «Ойна да жең» топтары өзара бөлісті. «Үздік топ басшы» атағын 8 «А» сыныбының «Quiz Masters» тобының топ басшысы Аянбекұлы Әділжан жеңіп алды. Оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, білім бәйгесінде биік белестерді бағындырады деген сенімдеміз!





