Кейде балалардың жүрегіндегі ең шынайы сөздер хат арқылы жеткізіледі…
Мектебімізде өткен «Әкелер – отбасының тірегі» форумында оқушылар әкелеріне арнап жүрекжарды хаттар жазды.
Балалардың алғысы, сағынышы мен ыстық ықыласы жазылған хаттар әкелерге ерекше әсер сыйлады.
Бұл әсерлі сәт әке мен бала арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, отбасы құндылығының маңызын арттыра түсті. 





