Мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, каникул кезінде 1-4 сынып оқушылары арасында «Бала мен кітап» атты отбасылық кітап оқу акциясы ұйымдастырылды. Бастауыш сынып бүлдіршіндері демалыс уақытын тиімді өткізіп, ата-аналарымен бірге қызықты шығармаларды оқыды.
Жобаның басты мақсаты:
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту;
Ұмытылып бара жатқан отбасылық кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту;
Ата-ана мен бала арасындағы рухани байланысты нығайту;
Оқырмандарды кішкентай күнінен бастап кітаппен дос болуға дағдыландыру.
Кітап оқу — баланың қиялын ұшқыр етіп, танымын кеңейтеді. Ал ата-ананың қолдауымен оқылған әрбір кітап бала жадында мәңгілік із қалдырары сөзсіз. Барша оқырмандарымызды отбасымен бірге кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға шақырамыз!





