Бүгін мектебімізде 1-11 сыныптар арасында
тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының мақсаты-оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясын құрметтеуді, заңды сақтаудың маңызын түсіндіру, құқықтық сауаттылықтарын арттыру, әділдікке, тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу және елдің заңдары мен азаматтық құндылықтарын қадірлеуге баулу. Сынып сағаты барысында оқушылар өз ойларымен еркін бөлісті. «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» – қоғамдағы әділдік пен тыныштықтың негізі. Конституция әр азаматтың құқығы мен міндетін айқындайды. Заңды құрметтеу, тәртіп сақтау – әр адамның азаматтық борышы. Тәртіп бар жерде бірлік, қауіпсіздік және даму болады.





