![]()
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр — Жеңіс күні қарсаңында біздің мектептің 5-сынып оқушылары ауданымыздағы Ардагерлер үйіне барып қайтты.
Бұл кездесудің басты мақсаты — қарияларымызға құрмет көрсетіп, олардың өнегелі әңгімелерін тыңдау болды. Оқушыларымыз:
Қариялардың соғыс және еңбек жылдары туралы естеліктерін ұйып тыңдады.
Ардагерлеріміз балаларға ақ батасын беріп, бейбіт күннің қадірін білуді аманаттады. Мұндай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін ұялатып, үлкенге деген құрметті арттырады.
Мереке құтты болсын !





