нда біздің спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп, 2012–2013 жылы туған ұлдар арасында ІІІ орын, ал 2014–2015 жылы туған жасөспірімдер арасында 3х3 стритболдан ІІ орын иеленді.Осыған байланысты жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына зор үлес қосқан Маңғыстау облыстық баскетбол федерациясы, Каспий баскетбол клубы ұжымына және жарыстың әділ әрі тартысты өтуін қамтамасыз еткен төрешілер құрамына шынайы алғысымды білдіремін.
Сондай-ақ, жас спортшыларымыздың жарысқа қатысуына қолдау көрсетіп, мүмкіндік жасаған Қарақия Мәдениет-спорт мен Қарақия Бірінші Мектеп Мектеп басшылығы мен ұжымына ерекше ризашылығымды жеткіземін.
Сіздердің қолдауларыңыз бен жанашырлықтарыңыздың арқасында жас спортшыларымыз тәжірибе жинақтап, жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Алдағы уақытта да бірлесе отырып, өңіріміздегі спорттың дамуына үлес қоса береміз деп сенемін.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілеймін!







