«Аққу» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын бастады!

2026 жылдың 4 маусым күні «№1 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанынан ашылған «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің алғашқы күні өз деңгейінде ұйымдастырылып өтті.
Лагерьдің басты мақсаты – оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, олардың бойына адамгершілік, ұйымшылдық, достық қасиеттерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Күн тәртібіне сәйкес балаларды қарсы алып, «Қош келдің, балақай!» атты шаттық шеңбері ұйымдастырылды. Оқушылар бір-бірімен танысып, көтеріңкі көңіл күйде лагерьдің алғашқы күнін бастады. Таңғы жаттығу жасап, таңғы астарын ішкеннен кейін әр топ өз атауларын таңдап, төсбелгілерін дайындады.
Сонымен қатар музыкалық сағат, спорттық эстафеталық жарыстар, үйірме жұмыстары, шығармашылық тапсырмалар өткізілді. Балалар қызықты мультфильм көріп, караокемен ән айтып, түрлі ойындарға белсенді қатысты. Күн соңында лагерьдің ашылу салтанатына дайындық жұмыстары жүргізілді.
Балалардың қауіпсіздігі мен бос уақытын тиімді ұйымдастыру басты назарда болды. Лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл күймен, қызықты сәттерге толы өтті.
✨ «Аққу» лагері – жарқын жаздың, қызықты демалыстың және жаңа достықтардың мекені! ✨
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 41 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 31 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 210 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 42 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 27 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 26 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні