![]()
5 маусым күні мектеп жанынан ұйымдастырылған «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің екінші күні «Бейбітшілік – ел ұранымыз!» тақырыбында өтті.
Күннің басты мақсаты – балалардың достыққа, татулыққа, бірлік пен бейбіт өмірді бағалауға деген көзқарасын қалыптастыру, шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту болды.
Тәрбиеленушілер күнді таңғы жаттығумен бастап, көтеріңкі көңіл күймен түрлі танымдық және спорттық іс-шараларға қатысты. Балалар «Күй күмбірі» домбыра сағатында ұлттық өнермен танысып, күй тыңдап, домбырада әуендер ойнап, домбыраның тарихы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар шахмат сағатында логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, спорттық эстафетада белсенділік танытты.
Түстен кейін лагерь қатысушылары «Бейбітшілік – ел ұранымыз!» тақырыбында сурет салып, өз ойлары мен қиялдарын шығармашылық жұмыстар арқылы жеткізді. Балалардың ерекше қызығушылығын тудырған «Мафия» ойыны ұйымшылдыққа, тапқырлыққа және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етті.
Күн соңында белсенді қатысушылар мадақталып, балалар өз әсерлерімен бөлісті.





