Бүгін «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінде «Маңғыстау – аспан астындағы мұражай» тақырыбындағы танымдық күн жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Күн балаларды қабылдау, таңғы бой жазу жаттығулары және дәмді таңғы аспен басталды. Одан кейін демалушылар таза ауада түрлі қимылды ойындарға қатысып, сергектік пен көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
«Мұражайға саяхат» танымдық сағатында балалар Маңғыстау өлкесінің тарихи-мәдени ескерткіштері, қасиетті орындары мен табиғи ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер алды. Ал «Кім тапқыр?» сайысында өз білімдерін көрсетіп, логикалық ойлау қабілеттерін сынады.
Түскі астан кейін «Маңғыстау – аспан астындағы мұражай» тақырыбындағы бейнероликтер көрсетіліп, туған өлкенің көрікті жерлері мен тарихи мұралары кеңінен насихатталды.
Күннің екінші жартысында лагерь демалушылары теңіз жағалауына барып, таза ауада демалып, суға шомылып, жағажай ойындарын ойнап, ерекше әсерге бөленді.
Күн соңында балалар алған әсерлерімен бөлісіп, танымға толы күннің қорытындысын жасады. Осылайша туған өлкенің тарихы мен мәдениетін дәріптеген мазмұнды күн әр баланың жадында жарқын естелік болып қалды.





