7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де айбынды шаралар легі өтті. Салтанатты жиынның мақтаныштары – мектебіміздің 6-сынып оқушыларынан құралған «Жас сақшы» сыныбы болды.
Мерекелік кешке арнайы қонақ ретінде Қарақия аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция капитаны Овезов Қайрат Көмекұлы қатысып, жас ұландардың бойындағы отансүйгіштік қасиет пен темірдей тәртіпке жоғары бағасын беріп, жылы лебізін білдірді.
Шараның шымылдығын мектеп директоры Гүлмира Сәбитқызы Туралиева ашып, Отанды қорғау – қасиетті борыш екенін атап өтті. Мектеп басшысы өз сөзінде еліміздің тыныштығын күзеткен азаматтар мен болашақ сарбаздарды мерекемен құттықтап, жас сақшыларға сәттілік тіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында «Жас сақшы» сыныбы:
Бұл шара – өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді ұялатып, батырлар ерлігіне құрметпен қарауды мақсат етті.
Мереке құтты болсын, айбынды азаматтар! Еліміз тыныш, іргеміз бүтін болсын! 





