«Мектеп – ата-ана – бала» онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сай, 05.05.2026 ж күні мектебіміздің психологі 5-сынып оқушылары арасында «Отбасындағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында танымдық тренинг өткізді.
Шараның басты мақсаты — балалардың бойында отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жақындарымен жылы әрі түсіністікке толы қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту болды.
Тренинг барысында оқушылар түрлі психологиялық жаттығулар орындап, отбасындағы сыйластық пен шынайы байланыстың маңыздылығы туралы өз ойларын ортаға салды. Балалар өте белсенді қатысып, ерекше әсер алды.
Отбасы — алтын бесік, ал ондағы дұрыс қарым-қатынас — бала болашағының берік іргетасы.





