![]()
Бүгін мектебімізде 2025–2026 оқу жылының қорытындысына арналған «Білімім – Отаныма» атты салтанатты іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Салтанатты жиында Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, «Заң мен тәртіп – Конституция құндылықтарының негізі» тақырыбы аясында жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, отаншыл азамат болып қалыптасуы сөз болды.
11-сыныптың «Жас түлектері» мен 9-сыныптың «Жас қанаттары» жаңа белеске қадам басты. Мектеп бітіруші түлектер мектеп директоры Туралиева Гүлмира Сабитқызының Алғыс хаттарымен марапатталды. Сонымен қатар, білім бөлімі мен өнер мектебінің Алғыс хаттары салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты іс-шара барысында ұстаздар қауымы да марапат төрінен көрінді. Аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен 7 мұғалім марапатталды. Сондай-ақ, облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының Алғыс хатымен ардагер ұстаздар Чаматаев Жалғас Рамазанұлы мен Аймағанбетов Бағдагүл Қожайқызы марапатталды.
Іс-шараға Қарақия ауданы Құрық ауылының әкімі Есенкелдіұлы Сыдиық, Қарақия ауданы бойынша оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Таумуринова Фариза Машырыққызы қатысып, түлектерге ізгі тілектерін арнады әрі марапаттау рәсіміне қатысты.
Сонымен қатар, салтанатты іс- шараға арнайы келген 10, 20, 30, 50 жылдық түлектер мектепке деген ыстық ықыластарын білдірді. Ата-аналар мен бастауыш сынып мұғалімдерінің жүрекжарды тілектері іс- шараның сәнін келтірді.
Жас түлектер ән шырқап, би билеп, өлең оқып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Білім жолындағы қадамдарың сәтті болсын, жас түлектер! 





