![]()
4 маусым – еліміздің тарихындағы маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні. Бұл күні көк Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз ұлықталып, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің басты нышандары екендігі дәріптеледі.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың өткені мен бүгіні, болашағы мен арман-мұратын бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Әрбір азамат Туды құрметтеп, Елтаңбаны қадірлеп, Әнұранды мақтанышпен орындауы тиіс.
Рәміздер күні – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, елге деген мақтаныш пен жауапкершілікті арттыратын ерекше мереке. Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын! 
Осы айтулы мерекеде баршаңызды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің көк Туы әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыздың мәртебесі асқақтай берсін, Әнұранымыз әрдайым мақтанышпен шырқалсын. Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын, халқымыздың бірлігі бекем болсын!





