6 маусым күні мектеп жанынан ұйымдастырылған «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінде тәрбиеленушілер үшін танымдық, спорттық және шығармашылық іс-шараларға толы әсерлі күн өтті.
Күн балаларды жылы қарсы алудан басталып, таңғы жаттығумен жалғасты. Сергіп алған бүлдіршіндер құнарлы таңғы ас ішіп, көтеріңкі көңіл күймен күннің алғашқы іс-шарасына қатысты.
«Денсаулық – зор байлық» атты медбике сағатында балалар жеке бас гигиенасы, дұрыс тамақтану және денсаулықты сақтау жолдары туралы пайдалы ақпарат алды.
Одан әрі «Біз спортты жақсы көреміз» атты көңілді флешмоб ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер белсенді қимыл-қозғалыс жасап, сергектік пен шаттыққа бөленді. Сондай-ақ тир ату сайысында мергендіктерін сынап, өз шеберліктерін көрсетті.
Түскі астан кейін «Менің қиялымдағы әлем» атты сурет салу байқауы өткізіліп, балалар өз армандары мен қиялдарын қағаз бетіне түсірді.
Түстен кейінгі тынығудан соң тәрбиеленушілер «Ертегілер әлеміне саяхат» атты сахналық қойылымға қатысып, сүйікті кейіпкерлерінің бейнесін сомдап, шығармашылық қабілеттерін танытты.
Күн соңында балалар бесін асын ішіп, алған әсерлерімен бөлісті. Белсенді қатысушылар мадақталып, көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты.





