«Табиғатпен үндестік» күні – «Аққу» лагерінде ![]()
7 маусым күні мектеп жанынан ұйымдастырылған «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінде «Табиғатпен үндестік» тақырыбында қызықты әрі мазмұнды күн өтті.
Күн балаларды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, таңғы жаттығудан басталды. Дәмді таңғы астан кейін тәрбиеленушілер «Бояулар әлеміне саяхат» атты асфальтқа сурет салу байқауына қатысып, табиғаттың әсемдігін өз қиялдарымен бейнеледі.
Ашық аспан астында көңілді ойындар ойналып, балалар таза ауада сергіп, белсенді демалды. «Мектеп жылыжайындағы көкөністер» атты жылыжай сағатында өсімдіктермен танысып, оларды күтіп-баптаудың маңызын білді.
Түскі астан кейін мақал-мәтелдер сайысы ұйымдастырылып, балалар табиғат, еңбек, достық тақырыптарында өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетті. Сондай-ақ спорттық ойындарда ептілік пен ұйымшылдық танытып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.
Күн соңында тәрбиеленушілер өз әсерлерімен бөлісіп, табиғатты аялау мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызын тереңірек түсінді.





