13 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагері І ауысымының жабылу күні

Бүгін «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің І ауысымының соңғы күні ерекше көңіл-күймен өтті. Күн балаларды қабылдау және бой жазу жаттығуларымен басталып, таңғы аспен жалғасты.
Таңғы астан кейін демалушылар қызықты ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын түрлі тапсырмаларды орындады. Спорттық ойындар барысында балалар өздерінің шапшаңдықтарын, ептіліктерін және ұйымшылдықтарын көрсетті.
«Ұлттық оюлар. Шебер қолдар» сайысында қатысушылар ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді бейнелеп, шығармашылық қабілеттерін танытты. Түскі астан кейін ұйымдастырылған «Домбыра сағатында» балалар қазақтың ұлттық аспабы туралы мәлімет алып, күмбірлеген күй тыңдап, әсем әндер орындады.
Тынығу сәтінен соң өткен «Балауса» ханзадасы мен ханшайымы байқауында қатысушылар өз өнерлерін, білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Күннің ең әсерлі сәті – лагерьдің белсенді қатысушыларына мақтау қағаздарын табыстау рәсімі болды. Жабылу салтанатында балалар жазғы демалыстың қызықты сәттерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл-күймен қоштасты.
✨ Осылайша, «Аққу» жазғы сауықтыру лагері І ауысымдағы жұмысын сәтті аяқтап, балаларға ұмытылмас әсер, жаңа достар мен жарқын естеліктер сыйлады.
Барша демалушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын жаз және жаңа жетістіктер тілейміз!
  • Related Posts

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    Маңғыстау облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрбек Сүлейменов өңірде кеңінен таралған және аса қауіпті қылмыс түрлерінің бірі – интернет алаяқтық екенін атап өтті. Оның айтуынша, алаяқтықтың ең жиі кездесетін түрлері жалған…

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    You Missed

    Қоғамдық коммуникация орталығы

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 42 views
    Қоғамдық коммуникация орталығы

    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    • От aktau
    • 17 июня, 2026
    • 33 views
    📌Ағаш отырғызу – атақ үшін емес, ұрпақ үшін

    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 212 views
    Маңғыстауда 2025-2026 оқу жылы қорытындыланды

    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    • От aktau
    • 16 июня, 2026
    • 44 views
    9-сынып оқушыларына арналған аттестат тапсыру кеші

    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    • От aktau
    • 15 июня, 2026
    • 28 views
    «Біз бейбіт елдің ұланымыз!»

    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні

    • От aktau
    • 14 июня, 2026
    • 28 views
    14 маусым – «Аққу» жазғы сауықтыру лагерінің ІІ ауысымының ашылу күні