“Болашаққа оң қадам” бастауыш бірлестігінің 10 күндігі аясында
Сабақтың тақырыбы:
”
– мәтін мен сюжетті сурет бойынша сұрақ қою және жауап беру;
– айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу;
– дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
– дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну.
Сабақ барысында оқушылар үш топқа бөлініп, ұйымдастыру кезеңінен бастап белсенді қатысты. Психологиялық ахуал жасалып, үй тапсырмасы тексерілді. Өткен тақырыптар қайталанып, сұрақ-жауап жұмысы жүргізілді.
Жаңа сабақта ЖИ арқылы бейнематериал көрсетіліп, ФС тапсырмалары орындалды. Сабақтың барлық кезеңінде “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары қамтылды.
Оқушылар топтық, жұптық, ұжымдық және жеке жұмыстарға белсенді қатысып, тақтада жуан және жіңішке жұп дауыстылары бар сөздерді жұптап жазды. Саралау тапсырмалары орындалып, жаңа тақырып “Wordwall” әдісі арқылы бекітілді.
Сабақ соңында “Қолыңмен көрсет” әдісі арқылы кері байланыс жүргізіліп, рефлексия жасалды.
Оқушылар белсенділік танытып, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасады.
Ұстаз еңбегіне шығармашылық табыс тілейміз!







