

«Мақал – сөздің мәйегі»
28 қаңтар күні мектебімізде 5-сынып оқушылары арасында «Мақал – сөздің мәйегі» атты танымдық іс-шара өтті. Сайысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубашев Бибарыс Ибрагимұлы ұйымдастырып, жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сөздік қорын байыту, ана тіліміздің қазынасы болып табылатын мақал-мәтелдерді насихаттау және балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сайыс төрт кезеңнен тұрды:
«Мақалды жалғастыр» – оқушылар берілген мақалдардың жалғасын тауып, білімдерін сарапқа салды.
«Жұмбақ шешу» – мектеп құралдары мен білімге қатысты жұмбақтар жасырылып, балалардың зеректігі тексерілді.
«Мағынасын тап» – берілген тұрақты тіркестер мен мақалдардың астарын түсіндіру кезеңі.
«Өз ойыңды айт» – топтарға арнайы сөздер беріліп, сол ұғымдардың мағынасын толық ашып, еркін сөйлеу шеберліктерін көрсетті.
Қызу тартыс пен білім бәйгесінің қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
І орын: 5 «Б» сыныбы (45 ұпай)
ІІ орын: 5 «А» сыныбы (43 ұпай)
ІІІ орын: 5 «Ә» сыныбы (39 ұпай)
Оқушылар іс-шара барысында белсенділік танытып, ана тілімізге деген құрметтерін білдірді.





